Өткен жылдың соңында аймақ жастарымен кездескен облыс әкімі Н.Нәлібаев олар қозғаған көп мәселенің шешім табуына мүдделі екенін айтқан болатын. Әкімнің айтқаны айтқан жерде қалмайтынға ұқсайды. Биылғы жыл басында облыстық қоғамдық даму басқармасы «СЫР ЖАСТАРЫ» Қызылорда облысының жастарына жеңілдетілген ипотекалық несие беру бағдарламасын жасап, облыстық маслихат депутаттарының қарауына ұсынды.
Кешегі өткен облыстық маслихаттың сессиясында бұл бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті қаражат мәселесі де оңынан шешілді. Биылғы жазда жастармен облыс әкімі Н.Нәлібаевпен кездесуінде басты мәселе етіп айтылған жастардың баспанамен қамтылуы жүзеге аса бастайды. Алғашқы кезекте 100 жасқа арнап екі 50 пәтерлік тұрғын үй салынып, осы жылдың жаз ортасына пайдалануға берілмекші. Жастардың көптен күткен баспана бағдарламасы қалай жүзеге асады, бағдарлама бойынша кімдер, қалай баспана ала алады деген сұрақтарға орай аталмыш бағдарламаны жариялағанды жөн көрдік. Айта кетейік бұған дейін тұрғын үй кезегіне тұра алмаған, кезекпен тұрғын үй алуға мүмкіндігі болмаған жастар категориясы осы бағдарламамен пәтер алу мүмкіндігі бар.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЕРЕЖЕСІ МЕН ШАРТТАРЫ
Бағдарлама ережелері:
• Қарыздың ең жоғарғы деңгейі – 13-18 млн теңгеге дейін;
• Несиелеу мерзімі – 19 жыл;
• Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
• Алғашқы жарна – 10% (Бастапқы жарна 10% (жеткілікті кепілмен қамтамасыз ету, не жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша кепіл, не «Отбасы банк» АҚ депозиті болған кезде)
• Бастапқы тұрғын үй алу мүмкіндігі;
• Қамтылуы – 100-130 адам.
• Өтініш пен құжаттарды ұсыну электронды түрде «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-нан алынған электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы жүзеге асырылады..
(Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар)