Кәмелет жасына жетпегендердің құқықтарын қорғау – бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі десек, балаларды, олардың негізгі құқықтарын қорғау – кез келген мемлекеттің басты көкейкесті қызметі болып табылады. Мемлекет басшысының 2007 жылғы «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарын құру туралы» Жарлығына сәйкес, ТМД мемлекеттерінің ішінде алғашқылардың бірі болып кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мамандандырылған соттарды құру қолға алынды. 

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттардың құрылу мақсаты – қоғамда жасөспірімдердің әлеуметтік қалыптасуы мен қорғалуына ықпал ету. Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған соттардың құрылуы Қазақстанда ювеналды әділет жүйесінің дамуына және сот төрелігін ізгілендірудегі алғышарт болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің  2012 жылдың 4 ақпанындағы № 266 Жарлығы бойынша, Қызылорда облысында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты құрылды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 2024 жылдың 6 айында 15 азаматтық іс және 1738 талап қою (арыздар) түскен. Осы есепті мерзімде 1711 азаматтық іс өндірістен аяқталса, шешім шығару арқылы қаралған істер саны 697 құраған, оның ішінде қанағаттандырылған істер саны 624, қанағаттандырудан бас тартылған істер саны 73. 2024 жылдың 6 айында түскен талап арыздар (арыздар) санаты бойынша талап қоюлар саны 1147, ерекше іс жүргізу (арыздар) санаты бойынша саны 56, түскен бұйрықтық (арыздар) санаты бойынша сот бұйрығы саны 535 құраған. Азаматтық істер бойынша сотпен есептік кезенде 13 жеке ұйғарым қабылданған. 2024 жылдың 6 айында 307 азаматтық іс тараптардың татуласуына байланысты қараусыз қалдырылған. 2024 жылдың 6 айында 77 талап қою қайтарылған, 72 іс өндірістен тоқтатылған. Оның ішінде татуласу рәсімдерімен 61 іс қаралған. Медиация тәртібімен 60 іс, партисипативтік рәсімімен 1 іс. Талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан – 3. 7 іс бойынша АПК-нің 277-бабының 2-бөлігімен (сол тараптардың арасындағы дау бойынша сол нысана туралы және сол негіздер бойынша шығарылған). 1 іс бойынша АПК-нің 277-бабының 2-бөлігімен (іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпауына байланысты).

2024 жылдың 6 айында 25 қылмыстық іс түскен. 2024 жылдың 6 айында 29 іс 38 адамға қатысты қаралған. Үкім шығару арқылы қаралған істер саны 22 іс бойынша 28 адам (13к/т). 2024 жылдың 6 айында 9 жекеше қаулы шыққан.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 2024 жылдың 6 айында 206 іс түсіп,оның ішінде 202 адамға қатысты аяқталған. Әкімшілік жазаға тарту туралы 174 қаулы қабылданып, қысқарту туралы 28 қаулы қабылданған. ӘҚБтК-нің 741 бабының 1 бөлігінің  2  тармағы құқық бұзушылықтың  құрамы болмауына байланысты 16 іс, ӘҚБтК-нің 741 бабының 1  бөлігінің  5 тармағы әкiмшiлiк жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмдерiнiң өтуiне байланысты болмаған, ӘҚБтК-нің 64-1  бабында жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың маңызы болмашы деп танылып, қысқартылған 12 іс. 2024 жылдың 6 айында 18 жекеше қаулы қабылданған.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Абылайқызы Забира.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған