Бүгін Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен әкімшілік әділет институтының 5 жылдығына арналған «Әкімшілік әділет – мемлекет пен қоғам арасындағы тиімді диалогтың кепілі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Шараға Қызылорда облысының әкімі М.Ергешбаев, Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев, облыс прокуроры Р.Ожаров, сот жүйесінің өкілдері, ғалымдар мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысты.
Конференция барысында облыс әкімі М.Ергешбаев әкімшілік соттар мен Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тетігіне айналғанын атап өтті.
Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев өз сөзінде әкімшілік әділет институтының ерекшеліктері мен маңыздылығына тоқталды.
Конференция барысында облыс прокуроры Р.Ожаров, облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Мырзатаева, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Экономика және құқық институтының директоры, PhD, философия ғылымдарының докторы А.Исаева баяндама жасап, әкімшілік әділеттің маңыздылығына, әкімшілік сот ісін жүргізудегі соттың белсенді рөлі қағидаты мәселелеріне тоқталып өтті.
Шара аясында Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істері жөніндегі сот алқасының судьялары Ш.Маликова, К.Қаниева, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы А.Сарсенбаев, Жаңақорған аудандық сотының судьясы Э.Рысқұлов, Шиелі аудандық сотының судьясы Ж.Сарбасова, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісінің басшысы Г.Каликова алғыс хаттармен марапатталды.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі