«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты әкімшісінің басшысы Д.Камзаев Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сот әкімшісінің басшысы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау және құқыққа қайшы әрекеттерден аулақ болу мәселелеріне тоқталды.
Сонымен бірге, ортақ пайдаланылатын орындарды ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау туралы құқық бұзушылықтарға қатысты мәселелер талқыланды.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.
Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты