ҚР Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында ҚР Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі бөлімінің басшысы Н.Нұрбайқызы студенттерге сот жүйесінің қалыптасу тарихы мен қазіргі қызметі туралы мәлімет берді.
Студенттер LED-экран арқылы көрсетілетін мәліметтермен, талап қою үлгілерімен, сотқа жүгіну тәртібімен танысты. Кездесу барысында сот жүйесіндегі цифрландыру жұмыстары мен заманауи технологиялардың тиімділігі туралы да айтылды.
Бас маман-сот отырысының хатшысы Н.Жалғасбек сот отырысы залдарының ерекшеліктеріне тоқталып, олардың заманауи талаптарға сай жабдықталғанын атап өтті. Сонымен бірге, сот процестерінде аудио-бейнежазба жүйесінің қолданылуы, онлайн форматтағы отырыстар өткізу мүмкіндігі жөнінде ақпарат берді.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сот жүйесінің жұмысына қатысты пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі