Бүгін Қызылорда облыстық сотында сот жүйесінің ардагері, отставкадағы судья Имандосов Мырзамұрат Жұманұлының 75 жасқа толуына орай құттықтау шарасы өткізілді.

Облыстық сот төрағасы Ә.Шығамбаев Мырзамұрат Жұманұлын мерейлі жасымен құттықтап, сот жүйесінің дамуына қосқан үлесін, еңбегін және жетістіктерін айта келіп, құттықтау адресатын табыстап, қазақы дәстүрге сай шапан жапты.

Сонымен қатар, облыстық соттың судьялары мен соттардың төрағалары да игі тілектерін білдірді.

Шара барысында Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы Б.Елшібеков сот ардагерін мерейлі жасымен құттықтап, Судьялар Одағы атынан сый-сияпатын табыстады.

Мырзамұрат Жұманұлы әріптес іні-қарындастарына ақ батасын беріп, ұжымға сәттілік тіледі.

Мырзамұрат Жұманұлы Имандосов 1950 жылы 30 қаңтарда дүниеге келген. 1992-1996 жылдары Қызылорда қалалық халық сотының судьясы, 1996-2002 жылдары Қызылорда қалалық сотының судьясы, 2002 жылдан 2013 жылдың мамыр айына дейін Қызылорда облыстық сотының судьясы қызметін атқарған.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған