Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 496-бабының 2-бөлігі бойынша С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сот отырысында С. өзінің кінәсін толық мойындап, шет елдің азаматтығын алғанын, содан кейін Қызылорда қаласына жол жүріп кеткенін көрсетті.

Сот жауапкершілікті жеңілдететін жағдайларға кінәлінің шын жүректен өкінуін жатқызды.

Сот қаулысымен С. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің 496-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып,  оған 516 880 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған