▪️ Бір әлемдік додада екі бірдей балуанымыз жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбеков 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, Қазақстанның мерейін асырды!

Айбек Айтбеков Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алса, Юсуф Ашрапов М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенті. Қос чемпион ел намысын абыроймен қорғады.

Жеңіс тұғырындағы чемпионға қарап, спортқа қадам басатын студенттер көбейсін. Қазақстандық жастардың есімі ғылымда да, білімде де, спортта да таныла берсін!

▪️ Юсуф Ашрапов пен Айбек Айтбековті, олардың жаттықтырушыларын және жақындарын әлем чемпионатындағы жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған