Ресми ақпарат бойынша биылғы тоғыз айдың қоры­тындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 19,3 трлн. теңге салық түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезе­ңі­мен салыстырғанда 3 трлн. теңгеге немесе 18,2%-ға артық.

Өсімнің негізгі драйвері қосылған құн салығы болған. Бұл салық бойынша түсімдер 37,3%-ға өсіпті.

Кәсіпкерлер саны да артып келеді. Мәселен, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимде 981 мың адам тіркелген. Олардың 807 мыңы алғаш рет салық есебіне тұрған.

Жалпы биылғы тоғыз айда 277 мың жаңа кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде 34,7 мыңы заңды тұлға, 242,3 мыңы жеке кәсіпкер екен.

Сонымен қатар осы кезеңде 19,7 мың заңды тұлға мен 356 мың жеке кәсіпкердің қызметі тоқтатылған. Осыған орай әр түрлі пікірлер орын алуда. Жұрт ұғымында жаңа салық режимінің кесірінен көптеген кәсіпкерлер кәсібін тоқтатқан. Алайда Үкімет басшы­сының орынбасары – ұлттық Экономика министрі С.Жұманғариннің айтуынша жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді тоқтату экономикалық қызметтің іс жүзінде тоқтағанын білдірмейді. Қызметін тоқтатқан 356 мың жеке кәсіпкердің 42,6%-ы 2025 жылы табыс таппаған, ал 20,8%-ы кәсібін жалғастыра отырып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режимге көшкен.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған