ӨТЕПОВ ӨТІРІК АЙТПАДЫ?..

Қызылорда қаласының әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте «Қызылорда су жүйесі» МКК басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Өтепов әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындарымен және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне 2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Өз сөзінде ол:

– Бүгінгі күнге кәсіпорын 84 548 тұтынушыға қызмет көрсетеді, оның ішінде, 80 258 тұтынушы – жеке тұлғалар, 251 – бюджеттік мекемелер, 4039–шаруашылық және өзге де тұтынушылар. Яғни қала тұрғындарының 100 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйелерімен толық қамтылған. 2022 жылы ауыз су, кәріз жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары толық орындалды. Атап айтқанда, кәріз су жүйелеріндегі 239 метр тозығы жеткен құбыр ауыстырылды, ауыз су жүйесіндегі тозығы жеткен 81 ашып-жабу ысырмалары және 6 дана кері клапандары, істен шыққан өрт гидранттарының 22-сі жаңартылды және тағы да басқа жұмыстар 103,5% орындалды,-деді Нұрлан Өтепов.

Өткен жылы инвестициялық бағдарлама арқылы 3,7 шақырым ауыз су жүйесі мен 0,14 шақырым кәріз жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі арқылы 11 ұңғымаға күрделі жөндеу, қалалық құрылыс бөлімінің тапсырмасымен 1,8 шақырым ауыз су жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары атқарылған.

Бұдан бөлек, кәсіпорын 8 сектор бойынша тазалық қызметін, қоқыс шығару, полигон, 297 көп қабатты тұрғын үйге ортақ меншікті күтіп ұстау және тұрғын үйлерді қайта жаңғырту қызметтерін атқарып келеді.

Мұхаммедшах КАЮП

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған