Banner

       Мемлекеттік тіл-тәуелсіз мемлекеттің епң  басты  құндылықтарының бірі. Ол халықтың  мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін  және ұлттық болмысын сақтап,ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін маңызды құрал. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

      Қазақ тілі – ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Тілді құрметтеу-өз еліңді, тарихыңды және мәдениетіңді құрметтеу деген сөз. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін арттыру әрбір азаматтың міндеті. Қазақ тілін білу адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, елдің бірлігі мен ынтымағын күшейтеді.

     Бүгінде қазақ тілінің қолданылу аясы кеңейіп келеді.Ол білім беру, ғылым, мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары және мемлекеттік басқару салаларында кеңінен қолданылуда. Тіл болашағының жарқын болуы саналы да қуатты жастардың қолында. Әр  халықтың тағдырына жауапты қазіргі жас буын еліміздің болашағының иесі екендігін естен шығармағанымыз жөн. Қазіргі таңда жастардың мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылығы да артып келеді.

     Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауында бүгінгі күнгі қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне аса назар аударды. Алдағы уақытта туған тіліміздің мәртбесі күшейіп, ұлтаралық қатынас құралына айналатынын жеткізді.

     Мемлекеттік тілді дамыту-барша қоғамның ортақ ісі. Әр азамат қазақ тілінде еркін сөйлеп, оны күнделікті өмірде қолдануға ұмтылса, мемлекеттік тілдің мәртебесі одан әрі жоғарылай түседі.

      Тіл-халықтың жаны, елдің айнасы. Мемлекеттік тілді қадірлеу және дамыту әрқайсымыздың қасиетті борышымыз.

       Мемлекеттік тілді білу-әрбір азаматтың парызы әрі жауапкершілігі.Қазақ тілін  меңгеру адамдардың өзара түсіністігін арттырып, қоғамдағы бірлікті нығайтады.

      Сонымен қатар, мемлекеттік тілді дамыту еліміздің дамуына және болашағына қосылған  маңызды үлес.

     Бүгінде қазақ тілінің қолданылу аясы кеңейіп келеді.Ол білім беру, ғылым, мәдениет, құаралық ақпарат  құралдары  және мемлекеттік  басқару салаларында кеңінен қолданылады. Жастардың қазақ тіліне деген қызығушылығының  артуы  тілдің болашағының  жарқын  екенін  көрсетеді.

     Қорытындылай келе, мемлекеттік тілді құрметтеу – Отанды құрметтеудің белгісі.Әрқайсымыз қазақ тілінің дамуына үлес қосып, оны күнделікті өмірде кеңінен қолдансақ, мемлекеттік тілдің мәртебесі одан әрі арта түседі.

  Сулейменова  Гулжайна

Жаңақорған аудандық сотының бас маманы-

сот отырысының хатшысы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған