Бүгін ҚР Президенттігіне Халықтық коалициядан ұсынылған үміткер Қ.Тоқаевты қолдау жөніндегі облыстық қоғамдық штаб өкілдері Нұрлыбек Мыңжас, Мұрат Сманов, Гүлнар Есқалиева, Жандос Базартай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті профессер оқытушыларымен кездесті.
Кездесуде педагогтар қауымына сайлау барысы жайлы жан-жақты мағлұматтар айтылып, сауалдарға жауап берілді.
Қазіргі таңда 100 адамнан тұратын облыстық штаб жұмысы қарқынды жүргізілуде. Штаб құрамына лайықты беделге және құрметке ие – мәдениет, білім, ғылым, азаматтық сектор, бизнес өкілдері, мәслихаттар депутаттары, сондай-ақ Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидат болып ұсынылуы мен сайлауалды науқанын қолдау мақсатында құрылған Халықтық коалиция өкілдері бар.
Атап айтсақ, «АМАNАТ» партиясының, «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясының, «Қазақстан Халық» партияларының және Қазақстанның Азаматтық Альянсы бастаған 35-тен астам ҮЕҰ-дың облыстағы жетекшілері мен белсенділері бар.
ҚР Сайлау туралы заңына сәйкес қазан айының 21-нен бастап 19-шы қарашаға дейін үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетін болады.
Қазіргі таңда үгіт – насихат жұмыстарының барынша әділ өтуі қамтамасыз етілуде.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған