Мәжіліс Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне Нұрлыбек Нәлібаевтың кандидатурасына келісім берді.

Бүгін Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың кандидатурасы келісілді.

Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды.

Отырыстың нәтижесі бойынша ұсынылған кандидатураны Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындауға болатыны туралы қорытынды қабылданды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған