Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жеңісбек Файзуллаевтың баяндауынша:

-Қаламыздың жол-инфрақұрылымын дамыту бағытында 2022 жылы 49 көшеге жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 3,9 шақырым болатын Қойсары батыр көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынды. Ал, биылғы жылы бұл бағыттағы іргелі істер қатары ұлғайып, бюджеттің барлық түрлері мен мемлекеттік бағдарламалар арқылы 10 млрд. 246 млн. теңгеге 231 көше жөндеуден өткізілмек. Сонымен қатар 690,0 млн. теңгеге 19 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынбақ.

-Тұрғындар арасында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі көпірлер құрылысы бойынша биыл ауқымды жобалар жүзеге асатын болады. Атап айтқанда, Ғ. Мұратбаев және Яссауи көшелерінің қиылысындағы теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірі құрылысына 320,6 млн теңге бөлінді. Өткен жылы басталған көпірлер құрылысын аяқтауға, яғни, Қызылжарма каналы арқылы «Бәйтерек» ықшам ауданына көлік пен жаяу жүргіншілерге арналған және Белкөл кентіндегі теміржол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірлерінің құрылысын аяқтауға 476 млн. теңге қаралып отыр, -деді Жеңісбек Исламұлы.

Көркейту-көгалдандыру бағытында өткен жылы қаланы Сырдария өзенінен тәуелсіз аяқ сумен қамтамасыз ету үшін қала және қалаға қарасты ауылдық округтерде 31 техникалық аяқ су ұңғымаларын орнату жұмыстары жүргізілді. Техникалық ұңғыманың 11-і қалаға, ал қалғаны кент және ауылдық округтерде орнатылды. Бұдан бөлек, Сырдария өзенінің сол жағалауынан тереңдігі 80 м болатын 2 техникалық су жинау ұңғымасы пайдалануға берілді.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған