Қазіргі таңда автокөлік қоғамда өзіндік орны бар мүлікке айналып, жол қозғалысының ажырамас бір бөлігін құрайды.
Дегенмен, елімізде көлік қылмыстарының көрсеткіші өсіп, онда зардап шеккендердің күрт өсімі байқалды.

Нақтылағанда 2022 жылдың қорытындысымен жол-көлік оқиғасының орын алуы өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға өсім алған, оның ішінде жол көлік оқиғасы салдарынан 26 тұлға қаза тапқан.
Жол-көлік оқиғалары мен оның қоршаған ортаға, адам өмірі мен денсаулығына тигізетін теріс салдарын, жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін кезек күттірмей шешу қажет екендігін көрсетеді.
Аталған мәселені шешудің ең негізгі мәні ең жас жаяу жүргіншілер – балаларды жол қозғалысы ережелеріне дұрыс дайындау және үйрету.
Құқық қорғау органдарында жол-көлік оқиғасына байланысты мәселелерді назарға алып келеді.
Қала аумағындағы қалалық прокуратураның бастамасымен қалалық әкімдік және полиция басқармасымен бірлескен түрде тиісті іс-шараларды жүзеге асыруда.
Сондықтан полиция басқармасымен жол апаттылығына тікелей септігін тигізетін жол қозғалысы ережесін бұзушыларды анықтау мақсатында «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Құқық тәртібі», «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі», «Абайлаңыз балалар!», «Заңсыз жолаушы», «Жолда қабылдау» акциялары ұйымдастырылған.
Қала тұрғындарынан жол қозғалысы ережелерін бұзылуына жол бермеу, оның ішінде жолаушы тасымалымен айналысатын автобус және такси жүргізушілерінен талапқа сай ережені сақтау сұралады.

Қызылорда қаласының прокуратурасы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған