Кез-келген аймақтың ең түйткілді мәселесі жол құрылыстарының сапасы екені рас. Қызылорда да бұрын-соңды асфальт көрмеген көшелер биылғы жылы тың жаңалықтарымен тұрғындарды қуантқаны рас. Оның үстіне жол жиегінде жаяу жүргіншілер жолдары салынуда. Солардың – бірі Еламан Керейітбаев көшесінде салынып жатқан жаяу жүргіншілер жолы. Ұзындығы 1 шақырым, ені 1,5 метр болатын жаяу жүргіншілер жолының жабындысын «Ақнұр Авто» ЖШС төсеп жатыр. Шілде айында басталған құрылыс жұмыстары тамыз айында аяқталады деп күтілуде. Жұмыс барысын арнайы көруге барған қала әкімі Асылбек Шаменов мердігер мекемеге тапсырма беріп, сапалы, әрі уақытында орындалу керектігін айтты.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған