Қала үшін – жылу үлкен мәселе. Биылғы қысты жақсы өткіздік. Дегенменен кейбір тұрғын үйлер үшін жылу мәселесі үлкен «проблема» болды деп айтсақ болады. «Қыстың қамын жазда ойла» демекші Қызылорда қаласында бұған дейін сыр беріп келген, тұрғындар көп шағым айтып жүрген тұрғын үйлердің кварталаралық жылу желілерін жаңарту жұмыстары басталып кетті. Солардың бірі – Абай даңғылы мен Ғ.Мұратбаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің жылу желілері. Ұзындығы 1 шақырым 700 метрді құрайтын жылу құбырларын «Механизатор» ЖШС ауыстыруда. Қазіргі уақытта жалпы жұмыстың 40 пайызға жуығы аяқталған болса, қалған 60 пайызын мерзімді уақыт күзге дейін аяқтай алатыны, немесе уақытынан кеш қалатыны мердігер мекеменің жылдамдығына байланысты. Шаһар басшысы Асылбек Шаменов жылу желілері ауыстырылап жатқан тұстарда болып, өз көзімен көріп, тиісті сала басшылары мен мердігер мекемеге мерзімінде және сапалы орындауды тапсырды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған