«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде ҚР ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы Өкілдігі әкімшілік полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Е. Баймагамбетов, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының инспекторы, полиция капитаны Д. Амандыков және Байқоңыр қалалық №8 өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау кіші сержанты Данил Алдажаров бірлесіп, Ақай ауылдық округінде орналасқан Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты №99 орта мектебі мен №279 мектеп-лицейінің оқушыларымен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға топтық төбелестің, интернет-алаяқтықтың және буллингтің алдын алу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүруіне жол бермеу, сондай-ақ білім беру ұйымдарының аумағында және қоғамдық орындарда пиротехникалық бұйымдарды пайдаланудың қауіптілігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.