Апостиль–құжатқа қол қойған тұлғаның қолының және оның өкілеттіктерін растайтын, сондай ақ,  осы құжатта бекітілген мөрдің немесе мөртаңбанның түпнұсқалылығын қағаз түрінде немесе электрондық нысанда куәландыратын арнайы мөртаңба болып табылады.

   Апостиль –шетелге шығатын  құжаттардың басқа елдерде  түпқұжат екенін және құжатқа  қол қойған адамның кім екендігін және тиісті жағдайда бұл құжат  бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландырады.

   Апостиль деген ұғыммен шетелдерге уақытша немесе тұрақты мекен-жайын  ауыстыратын  азаматтар  құжаттарын рәсімдеген кезде міндетті түрде  жолығады.

    Апостиль қоюшы адамдар – апостиль  қою  жөніндегі функциялар  орындауға уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары. 

    Апостильге  қойылған  қол  мен мөр ешқандай  растауды қажет етпейді.

    Мемлекеттік қызмет электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе  қағаз түрінде  көрсетіледі.

     Апостиль қою туралы өтініштің электрондық үлгісін толтыру, мемлекеттік бажды төлеу, басқа құжаттарды бекіту бойынша  функционал іске  асырылған.

      1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір  мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің  өкілетті  органдар  берген құжаттарға арнайы мөртаңба (апостиль) қойылады. 

      Конвенцияның 5-бабына  сәйкес,  апостиль  қолдардың  түпнұсқайлығын,  құжатқа  қол қойған  адамның  кім  екендігін  және  тиісті  жағдайларда  бұл құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын куәландырады.Апостильге  қойылған  қол, мөр немесе  мөртаңба  ешқандай  растауды немесе заңдастыруды  талап етпейді және бұл құжатты Гаага конвенцияға  қосылған  барлық  мемлекеттерде  пайдалануға болады. 

    Апостильдi қоюға жататын ресми құжаттар ретiнде:  мемлекеттiк органдардан және Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарынан, сондай-ақ сот органдарынан, прокуратура органдарынан, әкiмдерден және басқаларынан шығатын құжаттар;   нотариаттық расталған құжаттар;ресми белгiлерi бар құжаттар,визалар, тiркеу туралы белгiлер, нотариуста расталмаған құжаттағы қолды растау және басқалары қабылданады.
     Апостиль: шетелде Қазақстан Республикасының елшiлiктерi немесе консулдық мекемелерi жасаған құжаттарға;
коммерциялық немесе кеден операцияларға қатысы бар құжаттарға;  ерекшелiктер болып мынадай құжаттар саналады: мемлекеттiк органнан шығатын жарғылар мен құрылтайшылық құжаттарға, патенттiк және өзге де құжаттамаға  қойылады.   

         «Сот органдарынан шығатын  ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік қызметті Қазақстан  Республикасының Сот әкімшілігі  және оның  облыстардағы, республикалық маңызы бар  қалаларда және астананың  аумақтық  бөлімшелері көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар  көрсетілетін қызметті берушіге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы қағаз тасығышта  «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz (арқылы электронды түрде, апостиль қоюға өтінішті «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттармен бірге береді.

Ә.ҚАНЫБЕК

Жаңақорған  аудандық  сотының жетекші  маманы

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған