Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Нотариаттық іс-әрекеттерге, оның ішінде атқарушылық жазбаның күшін жою туралы шағымдарды қараудың ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шараға Қызылорда облыстық сотының судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, облыстық нотариаттық палатасының төрайымы Л.Сүйеубайқызы, Қазақстан Заңгерлер Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы А.Жұмабайұлы, жеке нотариустар, кәсіби медиаторлар қатысты.

Дөңгелек үстелді облыстық соттың судьясы Е.Тұрбаев ашып, көтеріліп отырған тақырыптың өзектілігін атап өтіп, нотариустардың әрекетіне қатысты дауларды қарау кезінде бірыңғай сот тәжірбиесін қалыптастыру мәселелеріне тоқталды.

Қызылорда қалалық сотының судьясы Ә.Түбекбаева нотариустардың даусыз талаптар бойынша іс жүргізу тәртібін сақтауы және атқарушылық жазбаның күшін жоюға байланысты талап қоюларының қанағаттандырылуы бойынша баяндама жасап, дауды татуласу рәсімдерін жүргізу арқылы реттеу мүмкіндіктеріне назар аудару мәселелеріне тоқталып өтті.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған