Бүгін Қызылорда облыстық сотында облыс соттарының 2024 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстарының қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті.

Шараға Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев, облыстық соттың алқа төрағалары мен судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

Кеңейтілген кеңесті облыстық сот төрағасы ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, негізгі мәселелерге тоқталып өтті.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Бекжанов қылмыстық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру қорытындылары туралы баяндама жасап, істер бойынша статистикалық мәліметтерді келтіріп, сапа көрсеткіштері туралы ақпаратымен бөлісті.

Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы М.Текетаев азаматтық істер бойынша сот төрелігін іске асыру барысына тоқталып, сот тәжірибесіне талдау жасап, азаматтық істерде татуластыру рәсімдерінің қолдану барысы бойынша мәліметтерді баяндады.

Әкімшілік істер бойынша сот алқасының төрағасы Ж.Оспанова соңғы үш айда әкімшілік істердің қаралуы бойынша баяндама жасап, істерді қарау бойынша негізгі мәселелерді талдап өтті.

Кеңейтілген кеңес қорытындысы бойынша облыстық сот төрағасы Ә.Шығамбаев сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсартып, судьялар мен сот мамандарының кәсіби деңгейін арттыру мәселесіне назар аударып, алда атқарылатын жұмыстар бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған