Сырдария аудандық сотында сотталушы К.-ге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-1бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қаралды.

          Құқық бұзушы К. өз басқаруындағы көлік құралын алкогольді масаң күйінде басқарып, көлік басқару жүйесін игере алмай, саябақтың темір қоршауына соғып, парк ішінде жүрген кәмелетке толмаған баланы қағып, оқиға салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр дәрежелі зиян келтіріп, жол көлік оқиғасын жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы К. кінәсін толық мойындады. Оның қылмыстық әрекеті іс құжаттарымен, жәбірленуші мен куәлардың жауаптарымен толық дәлелін тапты.

Сырдария аудандық сотымен ҚК-нің 345-1-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10  жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған