Шаһарымыздың санитарлық тазалық жағдайын, абаттандыру жұмыстарын тұрақты қадағалау бағытында қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ жедел рейд жұмыстарын жалғастыруда.

Кезекті рейд барысында жұмысшы топпен бірге халық қалаулылары Мақсат Жүсіп және Маржан Бисенова қала көшелерін таза ұстауға, қаланың сәулеттік келбетін қалыптастыруға бағытталған түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тазалыққа немқұрайлы қараған кәсіп иелері мен тұрғындарға бірнеше ескерту жасады.

Айта кету керек, қаламыздың санитарлық тазалығын қамтамасыз етуде “Қызылорда тазалығы” мекемесі үздіксіз қызмет көрсетіп келеді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған