Арал ауданындағы №45 сайлау учаскесінде журналист, «Толқын» газетінің бас редакторы А. Сайлауов мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді.Көп жылдан бері өңірдің қоғамдық өмірін ақпараттық тұрғыдан қамтып, аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін көтеріп келе жатқан журналист үшін сайлауға қатысу азаматтық ұстанымын білдірудің маңызды көрінісі болды.А. Сайлауов сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Ол әрбір азаматтың дауыс беру құқығын пайдаланып, ел мен өңірдің болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға өз үлесін қосуы қажеттігін атап өтті.– Сайлау – әр азаматтың өз таңдауын білдіріп, азаматтық көзқарасын танытуына берілген маңызды мүмкіндік. Журналист ретінде қоғамдағы өзгерістерді үнемі бақылап, халықтың пікірін тыңдап, елдің тыныс-тіршілігін ақпарат кеңістігінде жариялап келемін. Сондықтан бүгін азамат ретінде сайлауға қатысып, өз таңдауымды жасау мен үшін маңызды болды.