▪️Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев Сырдария ауданына жұмыс сапарымен барып, жеке қабылдау өткізді.
▪️Шара барысында аудан тұрғындары келтірілген материалдық залалды өндіру, жеке сот орындаушысының әрекетіне дау айту, сот актілеріне наразылық білдіру және оларды қайта қарату тәртібі, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, жер учаскесін пайдалану құқығына қатысты мәселелер бойынша сауалдарын жеткізді.
▪️Облыстық сот төрағасы азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес түсініктемелер берді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі