▪️Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев Жаңақорған ауданына жұмыс сапарымен барып, жеке қабылдау өткізді.
▪️Шара барысында аудан тұрғындары қарыз ақшаны өндіру, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, еңбек құқығына қатысты мәселелер бойынша сауалдарын жеткізді.
▪️Облыстық сот төрағасы азаматтардың сұрақтарына қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес түсініктемелер берді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі