▪️Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және ұжымдағы өзара сыйластықты нығайту тақырыбында семинар өткізілді.
 
▪️Іс-шараны сот әкімшісінің басшысы Д.Камзаев ашып, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау және қызметтік мәдениетті ұстанудың маңыздылығына тоқталды.
 
▪️Семинар барысында сот әкімшісі басшысының орынбасары Р.Қайып тақырып аясында баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілер әдеп нормаларын ұстанып, заң талаптарын бұзуға жол бермей, қоғам тарапынан сын тудыратын әрекеттерден аулақ болу керектігі жөнінде айтып өтті.
 
▪️Семинар соңында қатысушылар мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаттарын сақтау және қызметтік ортадағы мінез-құлық мәдениетін арттыру жөнінде пікір алмасты.

Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған