▪️Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының ұйымдастыруымен халықаралық «ORDA» жоғары колледжінің студенттерімен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында кездесу ұйымдастырылды.
 
▪️Шараға тергеу сотының судьясы Т.Тілеп, сот әкімшісінің басшысы А.Күншығарова, сот әкімшісі басшысының орынбасары Н.Ержанов және колледж студенттері қатысты.
 
▪️Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сот жүйесінің қызметімен таныстыру, тергеу судьясының рөлі мен өкілеттіктерін түсіндіру болып табылды.
 
▪️Кездесу барысында тергеу сотының судьясы Т.Тілеп тергеу судьясының негізгі өкілеттіктеріне кеңінен тоқталып, заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндірме берді.
 
▪️Өз кезегінде сот әкімшісінің басшысы мен сот әкімшісі басшысының орынбасары сот жүйесінің қызметі және сот жұмысының ұйымдастырылу тәртібі туралы ақпаратпен бөлісті.
 
▪️Кездесу ашық диалог форматында өтіп, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.
 
▪️Іс-шара соңында құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында мұндай кездесулердің маңыздылығы атап өтілді.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған