▪️Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті соттардың қызметін зерделеу және практикалық көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп келеді.
 
▪️Жыл басынан бері мамандандырылған экономикалық, қылмыстық және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттардың қызметіне талдау жүргізілді.
 
▪️Өз кезегінде Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соттың қызметіне де талдау жүргізіліп, оның нәтижелері сот ұжымы қатысқан кеңесте қаралды.
 
▪️Кеңеске Департамент басшысы М.Асанова, басшы орынбасары Е.Бөрібаев, бөлім басшылары, әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты әкімшісінің басшысы мен мамандары қатысты.
 
▪️Департамент басшысы өз сөзінде жүргізілген зерделеу жұмыстарының маңыздылығына тоқталып, сот қызметін ұйымдастыру сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.
 
▪️Кеңес отырысында аталған соттың қызметін ұйымдастыру, заң талаптарының сақталуы, азаматтардың өтініштерін қарау, архив жұмысын жүргізу, мемлекеттік тілді қолдану, сот істерін автоматтандырылған бөлу қағидаларының сақталуы, ақпараттық жүйелерді пайдалану, статистикалық есептілік, сот актілерін орындауға жолдау және сот отырыстарының аудио-бейнежазбалары бағыттары бойынша жүргізілген талдау нәтижелері баяндалды.
 
▪️Кеңес қорытындысы бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жұмысты жетілдіруге бағытталған әдістемелік ұсынымдар айтылды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған