▪️Арал аудандық сотында Қызылорда облысының билер кеңесінің төрағасы З.Нұрсейтовтың қатысуымен «Билер кеңесінің қызметін дамыту мәселелері» тақырыбында жиын өтті.
▪️Жиынға аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов, аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев, аудандық билер кеңесінің төрағасы мен мүшелері қатысты.
▪️Кездесу барысында облыстық билер кеңесінің төрағасы З.Нұрсейтов билер кеңесінің негізгі мақсаты – халық арасындағы даулар мен келіспеушіліктерді сотқа жеткізбей, билердің араласуымен бейбіт жолмен шешу екенін атап өтті. Сонымен қатар, қазақ қоғамындағы билер сотының тарихи рөліне тоқталып, билер кеңесі жұмысының негізгі қағидаттары мен қызмет тәртібін түсіндірді.
▪️Аудандық соттың төрағасы Р.Алдамбергенов билер кеңесінің қызметін дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып қала беретінін, билер дәстүрін жалғастырып келе жатқан ақсақалдардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі тәрбиесі қоғамдағы келіспеушіліктер мен дауларды сотқа дейінгі тәртіппен шешуге ықпал ететінін айтып, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдірудің маңыздылығына ерекше назар аударды.
▪️Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев билердің сан ғасырлар бойы қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділдікті сақтауға, құқықтық қатынастарды реттеуге және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға зор үлес қосқанын атап өтті.
▪️Шара барысында қатысушылар билер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.
Арал аудандық соты