Өткен қыркүйек айы теңгені төл теңгем дейтіндер үшін жақсы ай болды. Өйткені доллар 5,0%-ға төмендеп, теңге төбеге көтерілді. Мәселен бірінші қыркүйекте 1 доллар бағамы 462,31 теңге болса, ай соңында 1 долларыңыз 439,37 теңге болды.
Еуро да қыркүйек айында арзандады. Айдың бас жағына бармай-ақ, орта шеніне қарасақ та, мәселен қыркүйектің 11-не 1 еуро 524,13 теңге болса, ай соңына KASE-дегі бағамы 504,57 теңге болып, айырбас пункттерінде 1 еуро 502,6-507,8 теңгеге айырбасталды.
Бұрын “алтын, күміс тас екен” дейтін. Бүгінде алтыныңыз – әрі қор, әрі байлық. Сол алтыныңыз қыркүйек айының бас жағында граммына 58187 теңге болып, ай соңында 65581 теңгеге қоңданды.
Қазан айы басталысымен доллар ес жиып, қайта көтерілді. Өткен ай соңында 439 теңге 31 тиын болған долларыңыз осы ай басында 451,31 мен 453,93 теңге арасында толқып тұр.
Ал, еуро қазан айында айырбас пункттерінде 499,00-507,00 теңге аралығында сатып алынса, 504,00-512,20 теңге аралығында сатылуда.
Жалпы алтын бағасы әлемдік деңгейде көтеріліп отыр. Әлем бойынша бұл асыл тас соңғы 12 айда, яғни былтырғы жылдың қазаны мен биылғы қазан аралығында 2,03%-ға қымбаттаған, ал бес жылда алтын бағасы 134%-ға өскен.
Алайда соңғы жылдары Қазақстанда алтын бағасы, керісінше арзандады. Мәселен, былтырғы жылдың 13 қазанында осы асыл тастың граммы 69290,93 теңге болса, биылғы жылдың 13 қазанында 61104 теңге болды. Айырмашылық 8187 теңге, яғни 11,8%.