▪️Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы Н.-ның жауапкер Ж-.дан алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.
▪️Талап қоюшы өзінің талап қоюында жауапкер Ж. әкесі болып табылатынын, қазіргі таңда өзінің күндізгі оқу бөлімінде білім алып жатқанын, соған байланысты материалдық көмекке мұқтаж екенін, алимент бойынша араларында өзара келісімнің жоқтығын көрсетіп, өзі 21 жасқа толғанға дейін жауапкерден 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.
▪️Тараптарға дауды татуласу рәсімдерімен аяқтау жөніндегі құқықтарын түсіндіру нәтижесінде, тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімге келгендерін көрсетіп, келісімді бекітуді сұраған.
▪️Келісімнің шарттары бойынша, жауапкер талап қоюшыға 21 жасқа толғанға дейін ай сайын келісімде көзделген мөлшерде алимент төлеп тұруға міндеттелген.
▪️Сот ұйғарымымен тараптар арасындағы келісім бекітіліп, іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Байқоңыр қалалық соты