2026 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша, есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары бойынша бағаның төмендеуі тіркелді.

Апта ішінде пияздың бағасы 5,1%-ға, картоп – 3%-ға, сәбіз – 2,4%-ға, ақ қауданды қырыққабат – 2,3%-ға, алма – 1,1%-ға, қант – 0,7%-ға, сүзбе мен тауық еті – 0,4%-ға төмендеді.

Нан, рожки, сиыр еті, қой еті, тауықтың бөлшектелген бөліктері, сүт, қаймақ, күнбағыс майы, сары май, тұз және шай бағасы өзгеріссіз қалды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған