Бүгін Қызылорда облыстық сотында «Судья әдебі және сот тәуелсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге облыстық соттың судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.
Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы М.Тоғызбаева ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстырып, өз сөзінде судья әдебі нормаларын сақтау мен сот төрелігін жүзеге асырудағы әдептің маңызына ерекше тоқталды.
Дөңгелек үстел барысында Қызылорда қалалық сотының судьясы, А.Карбозова, Қызылорда қалалық сотының судьясы Н.Жунисова және Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы С.Сержанов баяндама жасап, судья әдебі мен сот тәуелсіздігіне қатысты өзекті мәселелерді ортаға салып, өзара пікір алмасты.
Шараны комиссия төрағасы М.Тоғызбаева қорытындылап, судья әдебі мен сот тәуелсіздігі қағидаттарын сақтау сапалы сот төрелігін қамтамасыз етудің маңызды кепілі екенін атап өтті.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі