▪️Байқоңыр қалалық сотында талап қоюшы Р.-ның талап қоюы бойынша жауапкер Б.-дан қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.
▪️Істі қарау барысында тараптарға дауды бітімгершілік келісім, медиация, партисипативтік рәсім шеңберінде шешу құқығын түсіндірілді.
▪️Нәтижесінде, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
▪️Келісім шарттары бойынша жауапкер талап қоюшының талаптарымен келісіп, 5 886 096 теңге қарыз ақшаны ай сайын бөліп төлейді.
▪️Тараптар арасында дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітілуіне байланысты азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.
▪️Талап қоюшыға 56867 теңге төленген мемлекеттік баж сомасы қайтарылды.
Байқоңыр қалалық соты