Байқоңыр қалалық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушы А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат А. сот бұйрығының негізінде кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін алимент төлеуге міндеттенген. Алайда, ол атқару құжатының талаптарын біле тұра орындамай, төлем жасаудан жалтарған.

Қазіргі кезде алимент бойынша берешегі 5 029 720 теңгені құраған. А.-ның тұрақты жұмысы, табысы және атына тіркелген мүлкі жоқ екендігі анықталған.

Сот отырысында құқық бұзушы тұрақты жұмысының болмауына байланысты міндеттемелерін орындай алмағанын, алдағы уақытта төлеп құтылатынын көрсеткен.

Сот қаулысымен, құқық бұзушы А. аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 3 тәулікке әкімшілік қамақ түріндегі жаза қолданылды.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған