Banner

Талап қоюшы Е. Байқоңыр қалалық сотына жауапкер М.-дан баласы үш жасқа толғанға дейін өзінің (жұбайының) асырауына алимент өндіріп алу туралы талап арызбен жүгініп, жауапкер өз еркімен материалдық көмек бермейтінін көрсетіп, жауапкерден бала үш жасқа толғанға дейін алимент өндіріп алуды сұрады.

 «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 147-бабы негізінде  ерлі-зайыптылар бір-бірін материалдық жағынан қолдауға міндетті, ал мұндай қолдаудан бас тартқан және ерлі-зайыптылар арасында алимент төлеу туралы келісім болмаған жағдайда, зайыбы жүктілік және ортақ баланың туған күнінен бастап 3 жыл ішінде қаражаты бар жұбайынан сот тәртібімен алимент өндіруді талап етуге құқығы бар.

Істі қарау барысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасап, келісімді бекітуді сұранған.

Келісімге сәйкес, жауапкер әр айдың 30-на дейін, баласы үш жасқа толғанша 100 000 теңге мөлшерінде жұбайын асырауға алимент төлеуге міндеттенді.

Азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Байқоңыр қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған