Сырдария аудандық сотында бір аптада қарыз ақша өндіру туралы 25 талап қою бойынша даулар сотқа дейінгі хаттама тәртібімен реттелді.
Даулар бойынша тараптарға сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін түсіндіру нәтижесінде, сотқа дейінгі хаттама жасалып, тараптар өзара татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
Сот ұйғарымдарымен тараптар арасындағы қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық істер бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Талап қоюшыларға төлеген мемлекеттік баж алымы қайтарылды.
Сырдария аудандық соты