Banner

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 3-бөлігі бойынша Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес,  Т.  әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, көше бойында алкогольді ішімдік ішкен мас күйінде жүрген.

Сот отырысында азамат Т. өз кінәсін мойындап, қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындауға келісімін беретінін көрсетті.      

Сырдария аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Т.  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің
440-бабының 3-бөлігімен құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20  сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Сырдария  аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған