Арал аудандық сотында «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолдану мәселелеріне арналған семинар өткізілді.
Шараға аудандық сот төрағасы Р.Алдамбергенов, аудандық соттың судьялары, аудандық прокуратура, аудандық полиция бөлімінің және аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Аудандық сот төрағасы өз сөзінде «Жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған рақымшылық жасау туралы» Заңды сот тәжірибесінде қолданудың өзекті мәселелеріне тоқталды.
Семинар барысында рақымшылық туралы заңды және қылмыстық заңнаманың өзге де нормаларын қолдану кезінде заңдылық қағидаттарын қатаң сақтау туралы айтылды.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Арал аудандық соты