▪️Қазалы аудандық сотында «Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолдану мәселелерін талқылауға арналған семинар өтті.
▪️Семинарға аудандық соттың судьясы М.Оспанов пен сот мамандары, сонымен қатар, бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
▪️Семинар барысында рақымшылық туралы Заңның негізгі ережелері, оның құқықтық негіздері мен сот тәжірибесінде қолдану мәселелері талқыланды.
▪️Аудандық соттың судьясы М.Оспанов өз сөзінде заң нормаларын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
▪️Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қазалы аудандық соты