Арал аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер Г-дан берешек қарызын өндіруді сұраған азаматтық ісі медиация тәртібімен реттелді.
Іс құжаттарына сәйкес, жауапкер талап қоюшыдан 300 000 теңге қарыз алып, қарыз ақшасының 15 000 теңгесін қайтарып, қалған қарыз ақшасын қайтару жөніндегі борышын орындамаған. Осыған орай, талап қоюшы соттан қарыз ақшасын өндіріп беруді сұраған.
Істі қарау барысында тараптардан медиациялық келісімді бекіту туралы өтініш түскен.
Медиациялық келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшыға 285 000 теңге қарызын және өкілдің көмегіне төленген 28 500 теңге сот шығынын әр айдың 30-на ай сайын 20 000 теңгеден, 2027 жылдың қараша айында 13 500 теңгені төлеуге міндеттенген, талап қоюшы келісім талаптарын қабылдап, іс жүргізуді тоқтатуға келісімін берген.
Сот ұйғарымымен дауды реттеу туралы медиациялық келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Арал аудандық соты