Қызылорда қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4)-тармағымен сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотталушы А. грант және несие бағдарламаларын жалған жарнамалап, азаматтардың сенімдеріне кірген.
Осылайша, жәбірленуші Д.-дан «кәсіпкерлерге арналған грант» бағдарламасы үшін 2 012 000 теңгені алдап аудартып, жеке бас пайдасына жаратқан.
Сотталушы өзінің қылмыстық әрекетін жалғастырып, жәбірленуші Б.-ға да аталған бағдарламалар туралы жалған айтып сендіріп, 1 400 000 теңгені алдап аудартып алған.
Басты сот талқылауында сотталушы өзіне тағылған айыпты мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады.
Жәбірленушілер келтірілген материалдық зиян өтелмегендіктен, кешірім бермейтіндерін көрсеткен.
Сот үкімімен сотталушы А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Азаматтық талап қоюлар бойынша жәбірленушілердің пайдасына келтірілген шығын өндірілді.
Қызылорда қаласының №2 соты