Бүгін Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен семинар сабағы өткізілді.
Семинарға Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев, бөлім басшылары, сот әкімшілерінің басшылары, сот мамандары, Қызылорда облысы дін істері басқармасының бас маманы Г.Романқұлова, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ аға маманы Б.Оспанов қатысты.
Департамент басшысының орынбасары Е.Бөрібаев семинар сабағын ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің өзектілігіне тоқталды.
Қызылорда облысы дін істері басқармасының бас маманы Г.Романқұлова баяндама жасап, діни қауіпсіздік мәселелеріне тоқталды.
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ аға маманы Б.Оспанов бүгінгі қоғамдағы дін мәселесіне тоқталып, жиынға қатысушыларға дін туралы мәліметтерді ресми ақпарат құралдарынан алудың маңыздылығын жеткізді.
Семинар соңында қатысушылар өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі