▪️ Қызылорда қалалық сотының ұйымдастыруымен семинар өткізілді.
 
▪️Семинарға Қызылорда қалалық сотының судьясы А.Тубекбаева, сот әкімшісінің басшысы Н.Дуйсенова, өңірлік заң консультанттары палатасының заңгерлері, екінші деңгейлі  банк өкілдері қатысты.
 
▪️Семинар барысында сот органдарына электронды форматта жолданатын құжаттарды рәсімдеу тәртібі, «Сот кабинеті» жүйесі арқылы құжаттарды жолдау ерекшеліктері, процессуалдық құжаттарды дайындауда қателіктер және оларды болдырмау жолдары, сонымен қатар мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту туралы талқыланды.
 
▪️Сонымен қатар, қатысушылар құқық қолдану тәжірибесіндегі маңызды мәселелер бойынша  өзара пікір алмасты.

Қызылорда қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған