2026 жылғы 22-24 сәуір аралығында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметі директорының кубогы үшін «Шекаралық үш сайысы» бойынша әскери қызметшілер арасында республикалық турнир өтті.

Аталған турнирге еліміздің әр өңірінен келген Шекара қызметінің әскери қызметшілері қатысып, өзара бақ сынады. Қатысушылар үш сайыс түрі бойынша күш, төзімділік және кәсіби машықтарын көрсетті.

Іс-шара қорытындысы бойынша:
І орын – Түркістан облысының әскери қызметшілері,
ІІ орын – Абай облысының әскери қызметшілері,
ІІІ орын – Солтүстік Қазақстан облысының әскери қызметшілері иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған