Қызылорда қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қаладағы 3 мектеп-лицейде оқушылар мен студенттерге интернет алаяқтық, ұрлық, сталкинг сияқты құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында азаматтарға күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке деректерді бөгде адамдарға бермеу, белгісіз қоңыраулар мен хабарламаларға сақтықпен қарау қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, жастарға әлеуметтік желілерде қауіпсіздік ережелерін сақтау, алаяқтардың арбауына түспеу жолдары жан-жақты түсіндіріліп, нақты мысалдар келтірілді.

Мұндай алдын алу шаралары өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға шақырып, кез келген күмәнді жағдай туындаған кезде дереу құқық қорғау органдарына хабарласу қажеттігін ескертеді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған