Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, Мархабат Жайымбетов, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаха­нов, қала әкімі Нұржан Ахатов Қызыл­ордадағы құрылыс нысандарын аралады.

Алдымен сол жағалаудағы 300 тө­сектік көпбейінді аурухана және тұрғын үйлердің құрылыс барысымен танысты. Бір ауысымда 100 келушіні қабыл­дайтын емхана және 100 төсекке арнал­ған онкологиялық бөлімшесі қарас­тырылған нысан 10 блоктан тұрады. Онда емхана, қабылдау, опера­циялық, реанимация, химиотерапия, радиология бөлімдері, әкімшілік, тамақ­тандыру және конференц залдары орналасады. 54,3 млрд. теңгенің жобасын «Мелиоратор» серіктестігі жүзеге асыруда. Қазіргі таңда монолит жұмыстары аяқталып, кірпішін қалау, инженерлік жүйелерді жүргізу жалғасуда. Құрылыс алаңында 300-ге жуық жұмысшы және 18 техника жұмылдырылған.

Сол жағалаудағы әрқайсысы 60 пәтерлік 10 тұрғын үйдің құрылысы да қарқынды. Жобаға 11,3 млрд. теңге бөлінген, 5 қабатты 7 үй және 9 қабатты 3 үй салынуда.

Олар әрі қарай Президент паркіндегі 9 қабатты 15 тұрғын үй, Ботаникалық бақ және балалар лагері, Rixos бес жұлдызды қонақүйінің құрылыс ала­ңына барды. Бүгінде 9 қабатты 15 тұрғын үйді «Мелиоратор» серіктестігі 8,2 гектар аумаққа салуда. Қүрылыс біткенде 945 пәтер пайдалануға беріледі. Оның 135-і бір бөлмелі, 540-ы екі бөлмелі және 270-і үш бөлмелі пәтер.

Ботаникалық білім беру орталы­ғының құрылысын «Alem Qurylys AQ» серіктестігі қолға алған. Орталық эколо­гиялық білім беруге әрі демалысқа арналған.

300 орындық балалар лагерінің жобасы бойынша әкімшілік ғимарат, event-аймақ, 4 тұрғын корпус, қонақүй үлгісіндегі шағын ғимарат, 5 киіз үй, ашық бассейн, стадион, сахна, өзге де демалыс және техникалық нысандар салу көзделген.

«Қызылорда Арена» спорт кеше­ні­нің де құрылысы жалғасуда. Жобаның құны 20 млрд. теңгеден асады. Кешенде олимпиадалық бассейн, спорт алаңдары және 150 орындық кон­ференц-зал болады. Қазір мұнда 214 адам жұмыс істейді, инженерлік желілердің 90%-ы дайын.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған