▪️Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен азаматша К.-ға қатысты іс қаралды.
▪️Азаматша К. 2011 жылы туған Б. есімді баласына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі ата-ананың міндеттерін орындамай, баласының сауда-саттық дүкенінен тушь тауарын жасырын жымқырып, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген.
▪️Азаматша К. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, баласының әрекетіне өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады.
▪️Сот қаулысымен азаматша К. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 55 048 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қармақшы аудандық соты