▪️Қызылорда қалалық сотына «Қ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкерден мүліктік залалды өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.

▪️Сотта анықталғандай, жауапкер автокөлігімен жанармай құю бекетіне келіп, көлігін колонка жанына қойып, ғимаратқа кіріп кеткен. Кейін көлік багындағы жанармай пистолетін байқамай, көлігін жүргізіп кеткен. Нәтижесінде, пистолет үзіліп, жанармай құю бағанасы майысып, электрондық табло істен шыққан.

▪️Оқиға салдарынан серіктестікке материалдық шығын келген.

▪️Сот тараптардың ұсынған дәлелдемелерін зерттей отырып, талап қоюды қанағаттандырып, жауапкерден талап қоюшының 583 000 теңге мүліктік залал өндіру туралы шешім шығарды.

Қызылорда қалалық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған